Bugin
Тойда келіншекті айнала қамшымен аластаған әжей жұрттың сынына қалды.
Кадрда тойхананың ішінде бір келіншекті ортаға алып, ақ жаулықты әже қамшымен ұрғылап, айнала бірнәрсе оқып жүргенін байқауға болады. Бұл видео Қызықтырды instagram парақшасында жарияланып, 1 миллион 300 мың қаралым жинаған.
Желі қолданушылары бұл әрекетті көріп, керағар пікір қалдырған.
"Ана кемпірдің түрі көгеріп кеткен басқаша байқадыңыздар ма, Ж-ның түрі сияқты ішіне кіріп алған", "Апаның өзін оқыту керек жын кірген сияқты", "Апаға шайтан кіріп кеткен", "Күші келсе жерге жатқызып тепкілейін деп тұр-ау", "Ақша табу үшін емші, бақсылардың әрекеті ғой",-деп жазды олар.
Еске салайық, желіде қарияны қорғаған қыз елді тәнті еткенін жазған едік.