Bugin

Өз иесін 12 жыл бойы күткен ит ажал құшты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ялталықтар Мұхтар есімді 14 жастағы итке ескерткіш орнатуды ұсынды. 

Мұхтардың иесі құтқарушы болып жұмыс істеген және осыдан 12 жыл бұрын қайтыс болған. Осы жылдар бойы ит өзінің иесін күтіп, жағалаудан кетпей қойды. Ол 12 жыл бойы өзінің иесін іздеумен өткен. Арасында жергілікті көше музыкантымен бірге ән айтып, көпшіліктің көзайымын айналады.

Тамыздың ортасында иттің де иесінің соңынан кеткені хабарланды.

Жергілікті халық "Ялталық Хатико" атанып кеткен итке ескерткіш орнату туралы ұсыныстарын айтып жатыр.  

Еске салайық, елімізде ит, мысықтарға салық салынуы мүмкін екендігін хабарлаған едік.