Bugin

Түркістан облысында 11 баласы бар ана атаулы көмек алудан бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

11 баласы бар батыр ана аймақтағы шенеуніктерге егін егіп, өз кәсібін дөңгелетуге, ол үшін конкурс арқылы жер алуға деген ниеті барын жеткізді. 

"Құрметті әкім мырза! "Ауыл аманаты" бағдарламасына АӘК алушылар да қатыса алады деп естідім. Маған АӘК-тің керегі жоқ. Одан да осы бағдарламамен 2 га жер алып, егін егуді қолға алмақпын. Аллаға шүкір, 10 қызым, 1 ұлым бар. Өз-өзімді бағып кетемін", – деді батыр ана. 

Ал аймақ басшысы Дархан Сатыбалды "Ауыл аманаты" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша батыр ананы  кооперативке мүше етіп кіргізіп, жергілікті әкімдік арқылы жерді пайдалануға беруге болатынын айтты.

"Өзіңіз өңдейсіз. Қажет болса сізге 2,5% несие де бере аламыз", – деді облыс әкімі.

 

Еске салайық, Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болғанын хабарлаған едік.