Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТүркияның Йозгат провинциясында жолаушылар автобусы аударылды: 12 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды.
NTV арнасының хабарлауынша, Сивас – Ыстамбұл бағыты бойынша жүріп келе жатқан автобус жүргізуші Мюкремин қиылысына жақын жерде рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан автобус қарсы жолақты кесіп өтіп, 30 метрлік дуалға соғылып, артынша аударылып кеткен.
"11 адам оқиға орнында көз жұмған, ауруханаға жеткізілген тағы бір адамды құтқару мүмкін болмады. Йозгат пен Соргун облыстарындағы ауруханаларға жеткізілген 19 адамның бірінің жағдайы да ауыр екені белгілі болды" делінген хабарламада.
Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Түркияның көне қалалары туралы ақпарат жазған едік.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61