Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАбай облысында екі көлік соғылып, бір жүргізуші қайтыс болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Бородулиха ауданындағы Семей – РФ трассасының 37 шақырымында Daewoo Espero автокөлігін мінген 24 жастағы жүргізуші 26 жастағы азамат тізгіндеген Toyota camry көлігіне соғылған.
Жол апаты салдарынан Toyota camry көлігін басқарған азамат сол жерде қайтыс болды. Оның екі баласы түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ("Адам денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіруге әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Еске салайық, Абай облысында 57 жылқы суға батып өлгенін хабарлаған едік.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61