МӘДЕНИЕТ

Жаздың соңғы күндері көретін 5 фильм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаздың жылы күндерін сағынатын кез де жақындап қалды. Кешкі ызғар да біліне бастады. Оқу жылы қыркүйекте басталатын біздің халық үшін тамыз — жылдың соңғы айы сияқты. Көпшілігі қыркүйектен бастап жаңа өмір басталатындай күйде жүреді. Олай болса, осы жаздың қалай өткенін шолып шығатын әрі өмір жайлы тағы бір ой түйетін фильмдер көріп шығыңыз.

Таңсәріде / Before sunrise. 16+

Фото: afisha.ruБұл — Венада кездесіп қалып, бір-бірін өліп-өшіп сүюге 24 сағат қана уақыты бар бозбала мен бойжеткеннің хикаясы. Картина жүректі қозғап, жанды елжіретеді. Басты рөлдегі америкалық жігіт Итен Хоук пен француз аруы Жюли Дельпи көне қаланың көшесін асықпай кезіп, жер бетіндегінің бәрі жайлы әңгімелеседі. Фильм көрерменді Еуропаның сұлу қаласы Венаның атмосферасына енгізіп, 20 жастан енді асқан бозбала мен бойжеткеннің қарым-қатынасынан көз айыртпайды. “Таңсәріні” тамыздың жылы кешінде көретін фильмдер қатарына қосып қойыңыз.  

Фото: afisha.ru
Картинаның жалғасы бар, режиссер тағы екі фильм түсірген. Оларды басқа мезгілде көруді ұсынамыз. 

Мамма MIA! / Mamma MIA. 16+

Фото: afisha.ru

Фото: afisha.ru

Бұл — биылғы жаз қалай өткенін еске түсіруге әбден лайық фильм! Ал жазыңыз “Мамма MIA”-дағыдай өтпесе, көңіліңіз түспесін. Келесі жазды осы фильмдегідей жоспарлай аласыз. 

Жаздың бір қызығы — жағажайдағы кеште үздіксіз қойылатын немесе көлікпен саяхаттап жүріп бірге шырқайтын әсем ән. “Мамма MIA”-дағы мұндай ән швед тобы ABBA-дің плейлисі еді. Оны басты рөлдегі Пирс Броснан мен Мерил Стриптің шырқағанынан біліп отырмыз. Картина әдемі кадрларға, сұлу биге және жаздың нағыз қамсыз күндеріне толы. Ал сіздің жазыңыз қалай өтті?

Вики Кристина Барселона / Vicky Cristina Barcelona. 18+

Фото: afisha.ruVicky Cristina Barcelona - әйгілі режиссер Вуди Алленнің туындысы. Бұл режиссерден мықты-мықты картина артылған ба?! Ол “Вики Кристина Барселонасында” америкалық екі әйелдің саяхатын баяндай келіп, оны үш адам ортақтасқан махаббатқа әкеп тірейді. Басты рөлдерді сезім отын алаулататын Харвьер Бардем, Пенелопа Крус және Скарлетт Йхоансан сомдайды. Картинада бұл үшеуге қарап қана отырмайсыз. Барселонаның сұлулығына тамсанып, фильм аяқтала сала билет іздеп кетуіңіз мүмкін.

Фото: afisha.ru

Римдегі махаббат / To Rome with love. 16+

Фото: afisha.ru

Фото: afisha.ru

Бұл фильмді де режиссер Вуди Аллен түсірген. Ол төрт новелланы біріктіріп, тағдыры тоғыспайтын жандардың басын қосады. Олар көшелердің шуында, мәңгі қаланың алаңында бірігеді. Ал Рим болса, күннің шуағына, өмір мен махаббатқа толып тұрады. Вуди Аллен бұл туындысында да бір махаббаттың соңынан бірнеше адамды жүгіртіп қояды. Бірақ үш адамның да ұлты, шыққан тегі әртүрлі. Кадрлар өткен сайын оқиға көрермен күтпеген жағдайда өрбиді. Картинаға әсем қала Рим өң береді. 

Тамақ іш, дұға ет, сүй / Eat, pray, love. 12+

Фото: kp.ruБұл фильмді көпшілігі бірнеше рет тамашалап та қойған болар. Картина күйзеліске қарсы тұрып, көңіл күйді көтерудің қарапайым ғана әдісін ұсынады. Картадан “И”-ден басталатын кез келген үш елді таңдап, жүрегіңе тыныштық іздеуге аттан. Фильмде басты рөлді ойнайтын Жулия Робертстың әдісі мынау — Италия - Үндістан - Индонезия. Мұндай тәсілден бірнәрсе шығатыны анық. Оны білу үшін фильмді көріңіз!

Фото: kp.ru