Bugin

Ақмола облысында жасөспірім ер адамның бетінен теуіп, видеоға түсірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде жасөспірімдердің ер адамды тепкен видеосы тарады.

Ер адамды тепкен сәтін екінші жасөспірім видеоға түсіріп алған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, зардап шеккен ер адам ішімдік ішкенімен, ешкімге зияны жоқ. 

Видеоға қатысты пікір білдірген полиция өкілдері оқиғаның Ақмол ауылында болғанын мәлімдеді. 

"Учаскелік инспектор ер адамның бетінен тепкен жасөспірімнің 2009 жылы туғанын анықтады. Ал мұны видеоға түсіріп алған оның ағасы, ол да 2009 жылы туған. Жәбірленуші – 1984 жылы туған жергілікті тұрғын", – делінген облыстық полиция департаментінің ақпаратында. 

Бұл оқиғаға байланысты мектеп ішінде тексеріс жүргізілген. Жасөспірімнің заңды өкілдері әкімшілік жауапқа тартылғаны белгілі болды. Ал өздерін есепке қойған. Зардап шеккен ер адам сараптамадан өтуден бас тартты. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Ұқсас жаңалықтар:

Қылмыс жасайтын жасөспірімдерге чип салу керек екенін айтқан депутат кешірім сұрады

Желіде жасөспірімнің полициядан қашқан видеосы тарады