Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖазатайым оқиға 22 тамызда сағат 13:30-да 9 шағын аудандағы бес қабатты тұрғын үйде болды. 2019 жылы туған қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Astana.tv сайтына сілтеме жасап.
Оқиға бала ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған кезде болды.
Бүлдіршін қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оған мидың шайқалуы, қабақтың ашық жарасы, іштің жарақаты диагноздарын қойды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық», - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, Қостанайда бір жыл ішінде тұрғын үйдің терезесінен бала құлаған жетінші жағдай және облыс бойынша 13-ші жағдай.
Еске салайық, Қостанайда жол апатынан үш айлық нәресте қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61