Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚарағанды облысында "Саран" шахтасынан өрт шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты "Саран" шахтасында түнде өрт шыққаны белгілі болды. Арнайы құтқару тобының көмегімен барлық кеншілер аман-есен жер бетіне шығарылды.
"2023 жылғы 27 тамызда сағат 01:55-те "Саранская" шахтасынан өрт шығып, апатты жою жоспары енгізілді. Өрт сөндірілді. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, себептері мен мән-жайы анықталуда", - деп мәлімдеді АрселорМиттал Теміртау баспасөз қызметі.
Еске салайық, Теміртауда "Қазақстан" шахтасынан өрт шығып, бірнеше адам қаза тапқаны туралы хабарлаған едік.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61