Bugin

Ақтауда ер адамның үстіне диван құлап мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл қаңтарда көшеде кетіп бара жатқан кезінде үстіне алтыншы қабаттан диван түсіп кеткен ер адам сегіз айдан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұмның ағасының сөзінше, ер адам 26 тамызда қайтыс болған. 

"Бізге Германия мен Ресейден мамандар шақыруымызға тура келді. Себебі Қазақстандағы бірде-бір дәрігер оны қабылдамады", - дейді 39 жастағы марқұмның ағасы. 

Еске салайық, биыл қаңтарда Ақтаудағы 11-шағын ауданда №41 үйден төменге жиһаз түскені хабарланған болатын. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізді. Мамырда диванды лақтырған адам кім екені ақыры анықталмаған. 

Диван өтіп бара жатқан адамға түскен. Ер кісінің мойын омыртқасы сынған. Ер  адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған еді. 

Еске салайық, Ақтауда жасөспірім қыз бен әкесі суға батып қаза болғаны туралы хабарлаған едік.