Bugin
Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған бала қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
"Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бір науқасты құтқару мүмкін болмады. Көпсалалы қалалық балалар ауруханасында болған 2012 жылы туған бала қайтыс болды" делінген хабарламада.
Баланың жағдайы бастапқыда өте ауыр болған. Терапия тактикасы республикалық мамандармен үнемі талқыланып отырды.
Денсаулық сақтау басқармасында өлімнің себебі жүрек жеткіліксіздігі деп көрсетілген.
Тағы бес бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты ауыр, дейді .