Bugin

Желіде жеңіл көліктің жанып кеткен видео тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте "Mersecedes" көлігі жол ортасында толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Абай ауданына қарасты Арғынбеков көшесі бойында болды. Жол үстінде өртенген "Mersecedes-Benz" маркалы жеңіл автокөлігі толығымен жанып кетті. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

"Өрт сағат 19:36-да оқшауланып, сағат 19:43-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда" - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Еске салайық, Назарбаевтің құдасы шенді қызметке тұрғаны туралы хабарлаған едік.