Bugin

Жетісу облысында шенеуніктің заңсыз ісі әшкере болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Жетісу облысы көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары кедергісіз жүргені үшін әр жүк көлігінен айына 50 мың теңгеден алған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл заңсыздықты ҰҚК облыстық департаменті мен өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірлесіп тоқтатты.

Күдікті шенеунік параны өзінің сенімді делдалы арқылы алып отырған. Соттың санкциясымен ол қамауға алынып, қазіргі күні тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, бүгін үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақстандық әйелдің көмек сұрағаны жайлы хабарлаған едік.