Bugin

Шығыс Қазақстанда жаңа екі аудан құрылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстан облысында жаңа екі аудан құрылады, деп хабарлайды деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айындағы Ұлттық құрылтай отырысында Шығыс Қазақстандағы бірқатар ауданды қайта қалпына келтіру қажеттігі жайлы айтқан болатын.

Соған орай облыста кейбір аудандарды бөлу және оларды 1997 жылғы аумақтық шекараларға қайтару жөніндегі жоспар бекітілген.

Бүгін облыстық мәслихат депутаттары ШҚО құрамында әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылы болатын Үлкен Нарын ауданын құруға және жаңа ауданды Катонқарағай ауданының құрамынан бөлуге, сондай-ақ әкімшілік орталығы Марқакөл ауылы болатын Марқакөл ауданын құру және бұл ауданды Күршім ауданының құрамынан бөлуге дауыс берді. Осылайша, Катонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылынан Катонқарағай ауылына көшіріледі.

"Жаңа аудандарды құрудың арқасында біз мемлекеттік басқаруды оңтайландыруға қол жеткізе аламыз. Аудан орталығына дейінгі қашықтықтың қысқаруына байланысты қызметтерге ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Жергілікті мәселелерді шешуде аудандардың дербестігін арттырамыз, нәтижесінде халықтың өмір сүру сапасы жақсарады. Жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың көші-қон процестерінің төмендеуіне қол жеткіземіз", - деп түсіндірді Күршім және Катонқарағай аудандарының әкімдіктерінен.

Депутаттардың дауыс беруінен кейін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев жаңадан құрылып жатқан аудандарды дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

"Жаңадан құрылған аудандарды штаттармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажет. Сұрақ өте маңызды. Өйткені біз қосымша штаттарды сұраған жоқпыз, бірақ аудандардағы штат толық болуы керек. Халықтың аздығына қарамастан, аудандар шекарада орналасқан. Ал бізде Президенттің шекара маңындағы аудандарды дамыту жөніндегі тапсырмасы бар. Сондықтан оларды тиісті мүмкіндіктермен қамтамасыз ету қажет", - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар ШҚО әкімінің орынбасарлары жаңа аудандарда мемлекеттік органдарды орналастыру үшін ғимараттарды жөндеу мәселесін пысықтап, басқа өңірлерден тартылатын мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуі тиіс. Бұдан бөлек, жаңадан құрылған аудандарда медициналық ұйымдар аудандық деңгейге ауыстырылады, олар барлық қажетті жабдықтармен және кадрлармен қамтамасыз етіледі.