Bugin

Қарағандыда автобус 71 жастағы зейнеткерді қағып өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: opennews.kz

Қарағандыда автобус 71 жастағы зейнеткерді қағып өлтірді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға вокзал маңындағы алаңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, №19 автобустың 46 жастағы жүргізушісі реттелмейтін өткелде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Жол апаты салдарынан 71 жастағы жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған фактіні полиция тіркеп, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.