Bugin

Алаяқ декреттегі әйелдің атынан заңсыз несие алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com

Ақмола облысында алаяқ декреттік демалыста жүрген әйелге заңсыз 3,6 млн теңгеден астам сомада несие ресімдеген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есіл ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан алаяқтық фактісі туралы өтініші келіп түсті. 1 қыркүйек күні жәбірленушінің айтуы бойынша, белгісіз тұлғалар оның атына банктен 3,6 млн теңге сомасында несие ресімдеген. Алаяқ жәбірленушіге өзін қаржы ұйымының қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырып, әйелге телефонында орнатылған банк қосымшасы мен egov.kz қосымшасының бұзылғанын және оның атына, алаяқтар несие рәсімдеген деп алдаған.

Күдікті әйелдің және оның туыстарының жеке мәліметтерін, шот нөмірлерін, ЖСН, мекенжайлары мен телефон нөмірлерін атағаннан соң, әйелді қолма-қол ақшаны қайтару үшін телефонға қашықтан қол жеткізу қосымшасын орнату керек деп сендірген. Белгісіз адамның алаяқтық әрекеттерінен жәбірленушінің атына жалпы сомасы 3,6 млн теңгеге несие ресімделді. Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.