Bugin
Фото: pixabay.com
Ақмола облысында жол апатынан 9 жасар қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің мәліметінше, жол апаты Целиноград ауданы аумағында "Астана-Қорғалжын" тасжолының 54 шақырымында болған.
Анықталғандай, Қорғалжын бағытында жүріп бара жатқан ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі (Астана қаласының 38 жастағы тұрғыны) рульге ие бола алмай, көлік жолдың шетіндегі жыраға аударылған. Жол апатынан алған дене жарақатынан 9 жасар қыз Целиноград аудандық ауруханасында көз жұмды.
"Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынып, сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.