Bugin

Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы бойжеткенді ұрды деп айыпталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Дәулет Тұрлыхановтың инстаграмм парақшасынан

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы бойжеткенді ұрды деп айыпталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында хабарлады.

"Ешқандай ерекше ештеңе жоқ, Instagram желісінде ұрып-соғу видеосын бір бойжеткен жариялады. Иә, бұл депутат Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы оны ұрып-соғып тұр" деп жазылды тиісті видеонының түсініктемесінде.

"Оқиғадағы" кадрларды _eva._t қолданушысы жариялады.

"Депутаттардың ұлдары әкесінің атын осылай қорлайды! Осы Тұрлыханов Әкежан Дәулетұлы деген кісінің жолын бірде-бір қыз қимайды деп сенемін" деп жазды әйел.

Ол сондай-ақ сызаттар мен көгерген жерлерін көрсетті.