Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: stan.kz
Түркияда ірі жол апатына түскен тағы бір қазақстандық көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Анталья қаласындағы жол апатынан белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан екі жасар қызымен бірге қайтыс болған еді. Бүгін оның ауруханада ес-түссіз ауыр жағдайда жатқан жұбайы да өмірмен қоштасты.
Айта кетейік, бұған дейін біз жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмып, 17 адам жарақат алғанын хабарлаған едік. Оның алтауы Түркия, жетеуі Израиль, екеуі Ресей, екеуі – Қазақстан азаматтары. Қайғылы жайтқа орай Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қайғырып көңіл білдірген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61