Bugin

Мас ер адам полицейге пышақпен шабуыл жасаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Polisia.kz 

Шымкентте ер адам учаскелік полицейге пышақпен шабуыл жасаған, ол мас хәлде болған, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

6 қыркүйекте кешке Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік инспекторына жергілікті тұрғын оны күйеуі ұрғанын айтып, шақырады.

Учаскелік полицей қолында пышағы бар үй иесіне тап келеді. Тәртіп сақшысы пышақты тастауды талап еткенде, мас ер адам оған шабуыл жасап, мойны мен қолын жарақаттаған.

Тергеушілер Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі "Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану" бойынша іс қозғалды.

Мас жігіт бұдан бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған.