Bugin
Фото: КАЗАНГАПОВ ТУРАР ЕРЖАНОВИЧ
Қызылордада полиция суицид жасамақ болған 57 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
10 қыркүйекте таңғы 07:00 шамасында 102 нөміріне 49 жастағы қала тұрғыны хабарласып, отбасында жанжал болғанын айтқан.
Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері үйдің ауласын тексеру барысында өз-өзіне қол салмақ болған 57 жастағы тұрғынға көмек көрсетті. Осылайша, Бақытбек Рүстембекұлы, Қазбек Дамир атты тәртіп сақшылары адамды өлімнен құтқарып қалды.
Бүгінде тұрғын ауруханада жатыр. Оның денсаулығын дәрігерлер бақылауға алған.
Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.