Bugin

Атырауда жоғалған жігіттің туыстары күдіктерін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: astanatv.kz

Атырауда достарымен балық аулауға кеткен 36 жастағы Ербол Құсайынов үш күннен бері үйіне оралмады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы astanatv.kz арнасына сілтеме жасап.

Жігіттің ағайын-туыстары, еріктілер, полицейлер мен құтқарушылар олар демалған тоғай мен Жайық өзенінен іздеп жатыр. Бірақ әлі нәтиже жоқ. Өзімен бірге болған достары бір ауыздан "ұйқыдан тұрғанда таппай қалдық",- деп отырған көрінеді. Олардың полиция мен үй-ішіне жоғалғандығы туралы бірнеше сағаттан соң хабар бергені Ерболдың туыстарына күдік ұялатып отыр.

"Адам іздегенде бірінші ағайыннан іздейді ғой, ағайынына соғып, үйге келді ме деп. Ол да жоқ. Достарды шақырдық, дронмен іздедік қарадық, таба алмай жатырмыз деген. Сұрасаң да бір сөз бәрінің айтатыны, біз білмейміз ұйықтап қалдық дейді"- деп күдіктенеді жігіттің ағасы Әнуар Құсайынов.

Жігіттердің өзара төбелескенін арғы жалауда балық аулап жүрген тұрғындар да естіген. Ербол анау-мынауға ашуланып, шу көтеретін жігіт емес,- дейді үш күннен бері көз ілмей іздеп жүрген достары.

Қазір оқиға болған маңда судың асты да, ой-шұңқырдан іздеп жалғасып жатыр. Ұлттық ұлан сарбаздары мен кинологтар да жұмылдырылды.