Bugin

Атырауда достарымен балық аулауға барған азамат із-түзсіз жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Атырауда достарымен бірге балық аулауға кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Halyq Uni сайтына сілтеме беріп.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 10 қыркүйекте 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың жақындары оның достарымен бірге балық аулауға кетіп үйге оралмағанын хабарлаған. Бүгін үшінші күн Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полиция департменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер іздеу жұмыстарына жұмылдырылған.

Құзырлы органдар әлеуметтік желіде түрлі алып-қашпа ақпараттарды таратпауларыңызды және де нақты жоғалған азаматқа қатысты деректер болса «102» операторына хабарлауды сұрайды.