Bugin
Фото: t.me/WarLife
Алматыдағы тергеу изоляторында Дикий Арман, Қайрат Құдайберген және тағы 30-ға жуық адамның ісі бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2023 жылы 14 қыркүйекте даулы іс бойынша алдын ала отырыс өтті. Алматы сотының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Соттың ресми парақшасында адвокаттардың атышулы қылмыстық іс бойынша процеске жіберілмеуі туралы ақпарат пайда болды.
"Процестің барлық қатысушысына №72 мекеме ғимаратына кіру және өту орны, бағыты туралы алдын ала хабарлама жіберілді. Бірқатар адам сотталушыларды әкелетін қызметтік кіреберістен өтуге тырысты. Оларға мекеменің негізгі бақылау-өткізу пункті арқылы кіру сызбасы қосымша түсіндірілді. Отырыс ашық режимде өтетіндіктен, ноутбук, планшет және басқа құрылғыларды пайдалануға тыйым салынбаған. Құрылғыларды пайдалануда техникалық мәселе туындауы мүмкін, өйткені тергеу изоляторында ұялы байланыс шектелген. № 72 мекеменің ғимараты ерекше қорғалатын нысан болғандықтан, аумаққа кіру кезінде жеке басын куәландыратын құжат тексеріледі", - делінген Алматы сотының хабарламасында.
Айта кетейік, Жұмагелдиев пен Құдайберген ісі бойынша алдын ала отырыс ІІМ ҚАЖК №72 мекемесіне өтеді.
Еске салайық, "Дикий Арманның" оң қолы деп айыпталған Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталғанын жазған едік.