1960 жыл. Рим. Әлемдік марафон жарысы. Сонымен қатар бұл уақыт Adidas пен Puma компаниясының спорттың қай түрі болмасын, өзара бәсекелестіктің қызып тұрған шағы болатын. Бірақ жарыс барысына қарайтын болсақ, эфиопиялық Абебе Бакила жалаңаяқ өзге Adidas киген танымал спортшыларды шаң қаптыруда. Міне мәреге де жетті. Жетіп қана қойған жоқ. 2 сағат 15 минут 16 секундта жүгірген ол әлемдік рекордты орнатты.
Бұл жайт танымал аяқ киім компаниялары үшін өте үлкен соққы болды. Дегенмен жалғыз аяқ киімі жарыс басталма жатып жыртылғанын түсінуге болушы еді. Міне қарап отырғанымыздай, марафонда бір азамат мәжбүрлікпен жалаң аяқ жүгіріп алтын алса, осыдан 12 жыл бұрын яғни 1948 жылы Үндістан ұлттық құрамасы футболды жалаң аяқпен ойнауды қатты ұнатқан болатын.
1948 жылы Үндістан өз тәуелсіздігін алған сәтте, Лондонда олимпиада туы желбіреді. Тұңғыш рет тәуелсіз үнділік спортшылар да туған елінің намысын қорғауға аттанды. Соның бірі – футбол. Үндістан ұлттық құрамасы алғаш рет футбол дүлділіне қатысуы болғандықтан, осыған дейінгі жаттығуларды аяқ киіммен емес, жалаң аяқ ойнайтын. Англиядағы олимпиада жарысында да оларға тарихта тұңғыш рет және соңғы рет жалаңаяқ ойнауға рұқсат етілді. Осылайша үнділіктер жалаң аяқ арқылы өзге елдерге қарағанда жылдамдық пен техника басымдығына ие болды. Алғаш барған сәтте үнділік футболшылар ресми ойынға дайындық барысында «Департмент Стор XI», «Метрополитен Полис», «Пиннер», «Хайес» және «Александра Парк» командалармен жолдастық кездесулер өткізіп, 39 гол соқты және 5 доп жіберіп алды. Әрине бұл тек жаттығу болатын.
Сөйтіп, көптен күткен Олимпиада жеребесі де тасталды. Жеребе бойынша Франциямен ойнауға тиіс болды. Француздарға қарсы ойында Үндістанның қақпашысы мен қорғаушылары ғана аяқ киім киіп, өзгелері жалаң аяқ ойнады. Ол кезде футбол командалары 2-3-5 тактикасымен ойнайтын еді. Ойын басталған сәтте 30 минутта Рене Курбин есеп ашып, еуропалықтарды алға шығарып, үзіліске есеп басымдығымен кетті. Екінші тайм бастала салысымен жалаңаяқ үнділіктер бар қауқарларын жұмсап, шабуылдарын үсті-үстіне үдете берді. Нәтижесінде 70 минутта Сарангапани Раман есепті теңестірді. Бұндай қайсарлықты күтпеген француздар білгендерінен жаңылып, қателіктерге бо алдырды. Салдарынан француздар өз қақпаларына 2 мәрте 11 метрлік пенальтиді тілеп алды. Осы сәтте үнділіктер де қатты ойнап кеткендерінен қорықты ма, 2 пенальтиді де сала алмай, ойын қосымша таймға ұласты. Қосымша уақытта француздық Рене Персилон жеңіс голын салып, сенсацияға жол бермеді. Дегенмен сол кезеңде үнділік футболшылар жарқын ойындарымен көптің есінде қалды. Олимпиададан ұшқан олар бірнеше еуропалық клубтармен жолдастық кездесулер өткізді. Алдымен Голландияның үздігі «Аяксты» 5:1 есебімен тас-талқан қылып ұтса, кейін бірнеше ағылшындық клубтармен 5 кездесу өткізіп жалпы қорытындысы 9 гол салып, 3 гол жіберіп, 3 рет ұтты және 2 рет тең ойнады. Бұндай таңғажайып сәт тіпті ағылшын королінің құлағына жетіп, оларды арнайы сарайға шақырды. Кездесу барысында олардың табандарын өз көзімен көріп, болаттан жасалғандай таңғалды. 1950 жылы кезекті әлем чемпионаты да келіп жетті. Фифа қауымдастығы Үндістанның жарыста бақ сынауына аса қызығушылық танытты. Бірақ Үндістан аяқ допшылары қаржының жоқтығынан немесе өздері барғысы келмеді ме қатыспады. Алайда Үндістан футбол тарихында өз ізін қалдырды.