Bugin

"Семей орманы" әлі де көмек алмаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: altaynews.kz

Абай облысында Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин "Семей орманы" резерватының директоры Қайрат Хасеновпен кездесті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Хасенов Дәулеталинге "Семей орманы" орманшылығындағы жазғы өрттің салдарынан шиеленіскен мәселелерді шешуге көмек сұрап жүгінді.

"Өрттен кейін төрт ай өтті. Тергеу жалғасуда. Бірақ, "Семей орманы" әлі күнге дейін уәде етілген техниканы – бірде-бір өрт сөндіру машинасын алған жоқ. Өрттен кейін біз экология министрлігі мен үкіметке бірнеше рет хабарластық. Сұрақтар әлі шешілген жоқ. Кәсіподақтар федерациясы көмек көрсетеді деп үміттенеміз", - деді директор.

Ол "Семей орманы" орман өрттерін сөндіру үшін әлдеқашан тозығы жеткен техниканы пайдаланатынын атап өтті. Кейбір өрт сөндіру машиналары бірнеше жыл бұрын өндірістен алынған, бірақ олар әлі күнге дейін орманшылық автопарктерінде қолданылып келеді.

Хасенов 2017 жылдан бастап жыл сайын кәсіпорын ескірген техниканы жаңарту мәселесін шешу үшін экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне тиісті өтініштер жібергенін айтты – олардың барлығы жауапсыз қалыпты.

"2018-2023 жылдар аралығында өрт сөндіру автокөліктені өз қаражатымыз есебінен, мемлекеттік сатып алу жолымен сатып алу жоспарланды. Алайда нарықтағы бағаның тұрақсыздығына байланысты сатып алынған жоқ, ал өрттен кейін техника сатып алу тіпті мүмкін болмай қалды", – деді Қайрат Хасенов.

Сатыбалды Дәулеталин елордаға оралғаннан кейін резерват қызметкерлерінің барлық проблемалық мәселелерін экология министрлігінде және ел үкіметінде көтеретінін айтты.