Bugin
Фото: zello.poisk
Ақтөбеде жоғалған студенттің денесі көпірдің астынан табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
19 жастағы жігіт Ақтөбедегі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқыған.
Ақтөбе қаласында 2004 жылы туған жігітке іздеу жарияланып, еріктілер хабарлама таратты.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, осы жылдың 14 қыркүйегінде сағат 19:30-да Заречный ауылының қасындағы көпірдің астынан "Юрта" мейрамханасының жанынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылған.
Қазір Қылмыстық кодекстің "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер сараптама тағайындап, себебін анықтап жатыр.
Айта кетейік, Ақтөбеде 11-сынып оқушысының өліміне қатысты жаңа деректер шыққанын жазған едік.