Bugin

Мемлекеттік бағдарламаға бөлінген 370 миллион теңге жымқырылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Алматыда "Еңбек" бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру, жалақыны жинау және жұмысқа орналастыруға жатпайтын адамдардың есеп шоттарына ақша аудару арқылы жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген 370 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде”, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр.