Bugin

Риддердегі жалғыз қазақ мектебі жабылғаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: azattyq.org

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы Риддер қаласындағы жалғыз қазақ мектебі жабылды деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бүгін әлеуметтік желіде Риддерде орналасқан мемлекеттік тілде оқытатын жалғыз мектептің жабылғаны жайлы ақпарат тарады. Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, бұл шындыққа сәйкес келмейді.

"Шаңырақ" көпбейінді мектеп-гимназиясының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттілігіне байланысты оқушылар басқа мектепке көшірілді. Қазір олар қаладағы №11 мектепке барып оқып жатыр. Онда оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Мемлекеттік білім беру стандарты орындалуда, - деп хабарлады басқармадан.

Қазіргі уақытта Риддерде жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша ол 2024 жылы салынып бітпек. Білім ордасы мемлекеттік тілде оқытатын болады.