Bugin

Шымкентте дүкеннен киім ұрламақ болған апалы-сіңлілер ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Шымкенттік апалы-сіңлілер киім дүкенінде ұрлық жасаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Polisia.kz мәліметінше, Әл-Фараби ауданының полиция басқармасына сауда орталықтарының бірінде орналасқан дүкеннен киім-кешектер ұрлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Орта жастағы екі әйел сатып алушылардың кейпіне еніп, сауда нүктесінен балалар, ерлер және әйелдер киімдеріне толы екі сөмке алып шыққан.

Оқиға орнына дереу жедел топ барды. Күдіктілер сауда орталығынан шығып үлгермеді. Тәртіп сақшылары оларды бірден ұстады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеді. Жеңіл пайданы көздегендер туған әпкелі-сіңілі екені анықталды.