Bugin

"Әкесі қаза тапқан": Талғарда бір топ адам дәрігерді соққыға жыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Оқиға жайлы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ләззат Ақтаева жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басқарма басшысының жазуынша, Алматы облысы Талғар ауданындағы ауруханада қайтыс болған адамның туыстары келіп, жансақтау бөлімінің дәрігер-реаниматологы мен медқызметкерін сабап кеткен.

“Біз жан тапсырған адамның туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Өткір инфарктқа шалдыққан адам жансақтау бөлімінде екі сағат қана болды. Ұлдары үшін орны толмас қаза. Иманды болсын”, - деп алдымен көңіл айтады Ләззат Ақтаева.

Басқарма басшысы десе де бұл жағдай медициналық қызметкерлерді келіп, сабап кететіндей құқық бермейтінін ескертеді. Медицина қызметкерлері ол кезде жұмыс орнында медициналық қызметтерін атқарып, талаптарды орындаған.

Болған оқиға жайлы облыстық полиция басқармасына бірден хабар берілді. Топ боп келіп, медицина қызметкерлерін сабап кеткендердің әрекеті заңмен қаралады.

“Аудандық ауруханада зардап шеккендердің жағдайын біліп қайттым. Өздері жансақтау бөлімінің бақылауында. Облыс мамандарына кеңес берілді. Зерттеу жүргізілді. Зардар шеккендер бастан жарақат алған. Маңдайы жырылған, көзі ісіп, сынған жері бар. Контузия бар. Екіншісінің мұрны сынған. Ем алып жатыр”, - дейді Ақтаева.