Bugin
Фото: instagram.com/zhanat_bakyt
Белгілі журналист Жанат Бақытқа әлеуметтік парақшасында "Ислам дінін ұстанатындардың діни сенімін қорлағаны" бойынша тұрғын арыз жазған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Атырау облысы дін істері басқармасына қала тұрғынынан арыз түскен.
"Арызда әлеуметтік желіде танымал журналист желідегі парақшалары арқылы ислам дініне тіл тигізіп, барша мұсылмандардың, соның ішінде жеке діни сезіміне қорлық жасалғанын көрсеткен. Осы ретте басқарма тарапынан Instagram әлеуметтік желісіндегі Zhanat Baqyt және zhan_zhihany парақшалары Дін істері комитетіне дінтану сараптамасын жасауға жолдаған болатын. Сараптама қортындысы негізінде бұл парақшаларда шынымен ислам сенімін ұстанатын азаматтардың діни сенімін қорлауға және өз кезегінде қоғамда түрлі діни талас-тартысқа себеп болатын ақпараттар жарияланғаны анықталды. Қазір Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен парақшалардың иесі кінәлі деп танылып, айыппұл салынғанын хабарлаймыз", – деді Атырау облыстық дін істері басқармасының бас маманы Ерлан Ерғалиев.
Жанат Бақытқа 50 АЕК, яғни 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Еске салайық, бұған дейін Жанат Бақыт әлеуметтік желіде түрлі мәлімдеме жасаған еді.