Bugin
Фото: Рixabay
Астана қаласында жасөспірім суицид жасады. Қалалық полиция болған оқиғаны растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әлеуметтік желіде сағат екі шамасында "Триумф" тұрғын үйі кешенінің 12-ші қабатынан жасөспірім секіріп кеткені туралы ақпарат тарады. Дерекке сәйкес, бала буллингке ұшыраған.
Оқиғаны осыдан кейін полиция департаменті растады.
"20 қыркүйекте 102 нөміріне көпқабатты үйден ер адамның құлағаны жөнінде хабар түсті. Аталған фактіні тексеру барысында оның 14 жастағы бала екені анықталды. Қазір оқиғаның себебі анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады департамент.