Bugin
Фото: primeminister.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.
2020-2021 жылдары — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.
2021 жылғы қаңтардан VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.