Bugin

Қарағандыда колледж студенттері бір-бірін пышақтаған (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы колледж студенттерінің арасындағы жанжал түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бейнежазбада колледж студенттерінің бірінің қарсыласын пышақпен қуып жетіп, жарақаттағаны түсіріліген. Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Полицияның мәліметінше, кенеттен туындаған жанжал кезінде 17 жастағы студент 19 жастағы қарсыласын пышақтап кеткен.

"17 жастағы күдікті ұсталып, жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.