Редактор бағаны

Таң атып келеді...

Эссе

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бітпейтін шексіз ойларға беріліп отырғанда уақыт шіркін білінбей өтіп, аспан әлеміне қызылда – сары түс беріп, таңда атып қалыпты. Түні бойы ұйқы бермей миыма маза бермеген ойлар мыналар: «арман-мақсатқа жету үшін не істеуім керек?», «неге мен үнемі ерте берілемін?», «қиындық атаулыға қарсы келуге қауқарсызбын ба?», «өмірде қай жолды таңдағаным дұрыс?». Ең көп мазалайтын ой – «мына ісім дұрыс па әлде қате ме?» – деп үнемі екі ойда жүретінім бар.Мүмкін сізде де бар шығар бұл бітпейтін мазасыз ойлар...

Жалпы өмір бізге бірақ рет беріледі. Өтіп жатқан күндерде солай бізге бірақ рет беріледі. Иә, алда күндер болады. Бірақ ол – басқа күндер, мүлде басқа уақыт... Ал кешегі өткен күніміз ешқашан қайта келмейді.

Бұл өмірде ұққаным уақыт пен бақыт егіз ұғым екен.Егер уақытты босқа өткізіп алсаң, бақыт жайлы ұмытуға тура келеді.

Біз, үнемі «бес күндік жалған өмір ғой» – деп баға беретін мына әлем тек қана өзімізге байланысты екен. Өзің қалай ойлап, өзің қалай ұмтылыс жасайтын болсаң өмірің сондай болмақ. Болмайды бәрібір оны жасай алмаймын, қолымнан келер емес, ол маған арналмаған, бәлкім  мен өзім сондай адам шығармын деген сөздің бәрі де бос сөздер. Ең бастысы –адамға алға қарай ұмтылыс жасауға  сенім ауадай қажет. Өзіңе сену,арман-мақсатыңа сену, болашаққа сену және шындап ұмтылсаң қолыңнан бәрі келетініне сену. 

Сенімнің адам өмірінде маңызы өте зор және оның адам тағдырына тигізер ықпалы да мол. Мысалы, сіз дәрігер болсаңыз, науқас адамды емдеп жазу үшін ең алдымен оны бәрі жақсы болатынына және аурудан сауығып, кете алатынына сендіре алуыңыз қажет. Сенім жоқ жерде махаббат та, достық та тұрақтамайды және ешқашан бұл сезімдер сенімсіз баянды бола алмайды.

Күндер көзді ашып жұмғанша лезде өтіп бара жатқан сияқты. Өз басым кеше ғана 11 жылдық мектепті тәмәмдаған сияқты едім. Ал бүгін сол мектептің сыңғырлаған соңғы қоңырау үнін естігеніме 4 жыл уақыт өтіп үлгеріпті. Біреу маған келіп өткен уақытты қалай пайдаландың десе, шындығында ол сұраққа жауап беруге мүлде дайын емеспін. Тіпті, уақыт жайлы босқа өтіп жатқан күндерім жайлы ойлансам жүрегім қатты ауырады жан дүниеммен қоса сыздап...

Шіркін, адам баласы өзі өте қызық жаратылыс қой. Бала күнде ертерек ержетуді армандайды, ал ер жеткен шағында қайтадан сонау көңілі кең дархан, достарымен ойын қуып өскен тәтті балалық шағын сағынады. Өмір ештеңені түсіндіріп, бізге үйретіп жатпайды. Тек біздің көз алдымызға әкеп көрсетеді екен. «Басқа түскенді көз көреді» деген жақсы сөз бар. Сол секілді әр адам өмірдің тосыннан жіберген сынағына ең бірінші үрейлене қарап, содан соң уақыт өте оған да үйренеді екен.Тағдырдың берген әр сынағына сынбай, тиісінше оны өмірдің бізге берген сыйындай күлімсіреп қабылдап, оны жеңіп шығуға тиіспіз. Әр істі қиын көріп, оны ауыр іске балап, шешімін табуды қиындатар болсақ, ол іс  расымен де күрделене береді.

Өмірді тамаша еткің келсе өзіңді өзгертіп, өмірден ләззат ала біл.

Өзің қалай ойласаң, өмір де солай жалғаса береді. Әркім өз жолын өзі салады. Табиғатпен үйлесе біл, табиғатты тыңдай біл, жүрегіңді өкпе-реніштен босат та миың мен ақыл-ойыңа жаңару бағдарламасын енгіз. Ұмытпа, сен өз өміріңді өзгерте аласың... Өз ойыңыды өзің басқара біл. Ойыңды басқаларға және сенің болашағыңа зиянын тигізер кез келген ойларға ешқашан беріп қойма. Бастысы уақытты өз пайдаңа жарата білу және өз қабілетіңді үнемі жетілдіріп отыру. Әр таң саған баға жетпес сый және қайта берілмес мүмкіндік. Қазір жаһандану дәуірі. Ал сен ше? «Сен не істемексің?»  деген ескі оймен өмір сүрмекшісің бе?

Ең алдымен миыңды тыныштандыр, оны бос ойлардан босатуға тырыс. Табиғатқа шық, терең тыныс  ал, көзіңді жұмып болашақты ойла, бір сәт өзің жайлы ойла. Өмірді тыңдай біл, оны бағалай біл және өз дәрежесінде өмірге сый құрмет көрсете біл. Сонда өмір сені де өз дәрежеңде құрметейді. Әр оймен атқан менің мына таңдарым да бір жетістікке бағытталған. Бұл ұйқысыз атқан таңдар мені армандарыма  жақындатып жатыр. Ойланшы, мен қазір тәтті ұйқыда жатсам, бұл ғажап сенімен сырласу түнін өткізіп алар едім. Ұйқы көрмей, ояу таң атырып жүрсем де арманыма ұмытылып, жатқан әр сәтімнен өмірдің бақытын сезінем. Мен әр шығарма жазған сайын шексіз бақытқа бөленем. Себебі бұл менің сүйетін ісім және өзім күні-түні ұмтылатын арманым. Иә, сізбен сырласқан сайынайта бергім келетін іштегі сөздерім өте көп. Алайда бүгінше осы да жететін сияқты. Мінекей өмір жайлы, өзіміз жайлы айтып отырғанда сағат тілі білінбей сырғып, алтыға таяп қалыпты.

Уақыт неткен жүйрік десеңші... Мен еш өкінбеймін. Уақыт тамаша өтті... Тап осы жерде. осы сәтте...