Bugin

Түркістан облысында бір топ адам жас жігітті аяусыз соққыға жыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: news.myseldon.com

2023 жылдың 22 қыркүйегінде әлеуметтік желілерде мектеп оқушысының соққыға жығылғаны түсірілген видео пайда болды. Болжам бойынша, кадрлар Түркістан облысында түсірілген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 11 сынып оқушылары арасында келіспеушілік болғаны жайлы айтып, арызданды.

Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД мен аудандық полиция бөлімінің басшылығы шықты.

"Анықталғандай, Келес ауданындағы мектептің жоғары сыныптағы 2 оқушысы өзара сөзге келіп келіспеушілік туындап, екіншісі көрші мектептегі жоғары сыныптың оқушысын шақырып, келген оқушы жәбірленушіге соққы жасаған."Келес аудандық полиция бөлімі

Нәтижесінде жәбірленуші 11 сынып оқушысы емханаға түсті. Бүгінгі таңда ем қабылдауда. Оқиға бойынша сот-сараптамалары тағайындалды.

Бұған дейін Түркістан облысы ПД бастығының тапсырмасымен облысқа қарасты 17 ауданда полиция, әкімдік пен мектеп ұжымы жиналып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында бірқатар іс-шараларды ұйымдастырған. Ата-аналардың қатысуымен арнайы жиналыстар өткізілген.