Bugin
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қарағанды облысының полицейлері қазақстандықтардың 15 млн теңгесін жымқырған ресейлік азаматты Алматы қаласынан ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық полиция департаментіне 51 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны арызбен шағымданды. Белгілі болғандай, жәбірленушіге белгісіз біреу банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз деп алдаған. Кейін, белгісіз азамат жәбірленушіге оның атынан біреулер несие рәсімдеп жатқанын айтып, есеп-шотын бұғаттау қажеттігін алға тартқан.
Осы әңгіменің соңында жәбірленуші алаяқтарға 5,2 млн теңгеден астам қаражат жіберген. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.