Bugin

Террористік ұйымда болған қазақстандықтың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:anna-news.info

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және лаңкестік топтың әрекетіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды   Bugin.kz порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты лаңкестік топтың құрамында болған тұрғынды кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда ДАИШ* (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады.

Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, ҰҚК жасағы шетелдік серіктестердің көмегімен оны 2023 жылдың маусым айында Қазақстанға жеткізген.

2023 жылғы 22 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.