Bugin
Фото: Хабар 24
Палестинаның Газа қаласында 20 ғасыр бұрынғы тас табыт табылды. Ол Рим дәуіріне тиесілі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Зерттеушілер жалпы 125 ежелгі зиратты ашып көрген. Арада 2 мың жыл өтсе де, қабірдегі адам сүйектері сол күйі сақталыпты.
Қаңқалардың жанынан түрлі құрал-сайман мен тұрмыстық заттар да анықталды.
Мамандар сол кезеңде 4 түрлі жерлеу дәстүрі болғанын айтады.
"Жерленгендердің көбі жасы 50-ден асып, қайтыс болған. Пайдаланған заттарына қарап, олардың тұрмысының жақсы болғанын байқаймыз. Қабірде ер-әйелмен қатар балалар да жерленген,-дейді археолог Фадель әл-Отул.