Bugin

Елімізде баспана бағасы арзандай ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com

"Отбасы банкінің" төрайымы Ләззат Ибрагимова Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасының қалай болатыны туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

 

Елімізде кейбір сарапшылар бүгінде шаршы метр бағасының күрт құлдырауы туралы болжамдар жасауда. "Отбасы банкінің" төрағасы бұл пікірілермен келіспейтінін айтты. 

"Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы ретінде мен инфляцияның азық-түлікке ғана емес, өзге де тауарларға қатысты жалпы деңгейін ескереміз. Яғни, бағалы қағаздар нарығында жұмыс істемейтін адамдар негізгі актив болуы мүмкін. Портфельдік инвестицияларға белсенді түрде қатыспайтындар үшін оның құлдырауы екіталай. Сондықтан біз сарапшылар ретінде тұрғын үй бағасының төмендеуін күтпейміз", - деді Ибрагимова Мәжіліс алаңында.

Өз кезегінде, "Отбасы банкі" басқарма төрағасының айтуынша, тұрғын үй бағасының өсуі Қазақстанда ипотекалық бағдарламалардың қолжетімділігіне байланысты болады.

Баспана кезегіне тұру үшін не істеу керек?