Bugin

Aялдамада қарияға қол көтерген жасөспірімнің видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Астана қаласында аялдамада орын сұраған қарияға айқайлаған анасы мен қол көтерген баласының видеосы тарады, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода ашуға мінген әйел қарияны жерден алып, жерге салады. Ал қасында тұрған баласы тіпті зейнеткерді ұра бастағаны көрсетілген. 

Полиция шақырамын, ұсқынсыз қазақ”, – деген сөздер мен әйелдің айғайы естілген. 

Бұл оқиға желі қолданушыларының шамына тиді.

“Ұятсыз әйел, ұлы да оңбай тұр! Қарияның орнында жас болса, үндемес еді”, “Басқаларға сабақ болуы үшін мына әйелді тауып жазалау керек”, “Қорқақ қазақ”, “Әкесіндей адамды жеп қоя жаздады”, – деп жазды пікір қалдырушылар. 

Аталған оқиғаға байланысты Астана қаласының полиция департаменті пікір білдірді. 

“Instagram әлеуметтік желісін бақылау кезінде Абай даңғылындағы аялдамада орын алған жанжалдың видеосы белгілі болды. Ерекше қажеттіліктері бар азамат пен оның баласы 83 жастағы қариямен ауызша жанжалдасып қалғаны анықталды. Полицейлер аталған фактіге қатысты тұлғаларды анықтап, олармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Екі тарап та бір ұлттың мүшелері. Азаматтардың бір-біріне арыз-шағымдары жоқ. Полицияға арыз түспеді”, – деді Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.