ДЕНСАУЛЫҚ

Күзде өршитін ауру түрлері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:  Bugin.kz

Күзде ауа-райының құбылмалылығы, жаңбыр мен жоғары ылғалдылық, ауа температурасының төмендеуі, күннің қысқаруы, атмосфералық қысымның өзгеруі сынды жайттар созылмалы аурулардың өршуіне алып келеді. Дәрігерлер де күз мезгілінде науқастар санының шектен тыс артатынын айтады. Сондықтан Bugin.kz порталы күзде қандай аурулар өршитінін және ондай ауру түрлерінен қалай сақтануға болатыны жайлы пайдалы кеңестер ұсынады.

Суық тию және ЖРВИ  - жыл мезгілінің күрт өзгеруіне байланысты дененің күйзеліске ұшырайтынының дәлелі. Әлсіреген дене соңында вирустарға ғана емес, суыққа да қарсы тұра алмай қалады. Иммунитеттің әлсіреуінен ЛОР жүйесінің аурулары оңай дамуы мүмкін. Соның ішінде, ангина, фарингит, тонзиллит, ларингит, трахеит, бронхит, ринит, гайморит, ортаңғы отит және т.б. 

Суық тиюдің тағы бір ықтимал теріс салдары - цистит. Күзде қуық пен зәр шығару жолдарының инфекциялары жиі кездеседі. Оның ең айқын симптомы - қиын және ауыр зәр шығару. Егер емделмеген болса, жедел цистит көптеген рецидивтермен оңай созылмалы болады. Сондай-ақ пиелонефрит түріндегі асқыну қаупі бар бүйректің қабынуы да бар. Аталмыш ауруды емдеу әлдеқайда қиын және ұзағырақ болады. 

Ал тыныс алу жолдары ауруларының өршуінің белгілеріне жөтел, ринит, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі жатады. Сондай-ақ бронхит те бірден емделмесе, өршіп, созылмалы ауруға ұласып кету қаупі бар.

Асқорыту жүйесінің созылмалы аурулары күзде  жүрек айну, метеоризм, ішектің ауыруы түрінде көрінеді. Иммунитеттің төмендеуі Helikobacter Pylory бактериясының белсендірілуіне ықпал етеді. Бұл күзде созылмалы гастрит, дуоденит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының нашарлауына әкеледі. 

Созылмалы буын ауруларының өршуінің белгілері ауырсынуды, ісінуді және қозғалғыштығын жоғалтуды қамтуы мүмкін. 

Күздің бірінші айы аллергиямен ауыратындар үшін өте қиын өтеді. Арамшөптердің гүлденуінің шыңы қыркүйек айында болады. Әлсіздік пен летаргия жағдайы ринитпен, шырышты қабықтың қышуымен және түшкірумен, кейде конъюнктивитпен бірге жүреді. Аллергияны жылдар бойы елеусіз қалдыруға болмайды болмайды, әйтпесе адам жасы ұлғайған сайын ол астмаға айналуы мүмкін.

Алдын алу жолдары

Дәстүрлі күзде өршитін аурулардың (әсіресе, суық тиюдің) алдын алудың ең маңызды құралы, әрине, иммунитетті нығайту. Қалыпты физикалық белсенділік, барлық қажетті дәрумен мен микроэлементтің жеткілікті мөлшері бар салауатты теңдестірілген тамақтану, жақсы ұйқы, белсенді өмір салтын естен шығармасаңыз, кез келген ауру түрінен қорықпауға болады. 

Сондай-ақ ауа райы болжамын қадағалап, соған сәйкес киінгеніңіз абзал. Аяқтан суық өткізіп алмауға тырысыңыз. Өйткені, бүкіл дененің гипотермиясы, ең алдымен, аяқтардан келеді.

Аллергиямен ауыратындар арнайы сынақтардан өтіп, нақты қандай ағаш немесе шөп түріне алергиясы барын анықтағаны жөн. Содан кейін аллергологтың ұсыныстарын орындау керек.

Созылмалы аурулары жайлы білетін науқастар күзде өз әл-ауқатын мұқият бақылауы керек. Терапиялық жаттығулар мен физиотерапия буындардағы ауырсынудың тамаша алдын-алу болады. 

Кез келген жаңғдайда асқынуларды болдырмау үшін дереу дәрігермен кеңесіп, уақтылы емдеуді бастаған дұрыс.