Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жантүршігерлік оқиғаны алқабилер мүшесі шешті. Айыпталған 61 жастағы азамат 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 12-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - деді судья Мәртпек Кәкімжанов.