Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
Пәкістанның Мастунг қаласында жұма намазы кезінде мешітте жарылыс болып, 52 адам қаза тапты. 100-ден астамы ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Нalyq-uni.kz мәліметінше, одан кейін араға бір сағат салып тағы бір мешітте жарылыс болған. Үйінді астында 40-қа жуық адам қалған.
Пәкістан БАҚ хабарлауынша, жарылысты ДАИШ содырлары жасауы мүмкін. Әзірше жарылысты мойнына ешкім алған жоқ. Ал бүгін Өзбекстанның Ташкент қаласында АҚШ, Пәкістан және Орталық Азия мемлекеттері Қорғаныс министрлігі Бас штабы басшыларының басқосуы өтті. Кездесуде қауіпсіздік және террормен күрес мәселесі талқыланды.
Сарапшылар Мастунг қаласындағы жарылыстың Ташкенттегі АҚШ, Пәкістан және Орталық Азия мемлекеттері Қорғаныс министрлігі Бас штабы басшыларының кездесуі кезінде жасалғаны кездейсоқ емес деген пікір айтуда.