Bugin

Астанада автокөлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com/ru

Астана қаласында тізгінде ие бола алмаған көлік жүргізушісі аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше жол апаты таңғы 08:31-де болған.

"29 қыркүйекте сағат 08.31-де "Mеrcedes-Benz" автокөлігі А.Байтұрсынұлы көшесімен Т.Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан "Mazda" көлігіне апат жағдайын туындатқан. Салдарынан "Mazda" көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, аялдамаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шегушілер медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның анық-қанығы зерделеніп жатыр. Көз жұмғандар жоқ, ал жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді.