Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
АҚШ полициясы америкалық рэпер Тупак Шакурды өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Лас-Вегаста супержұлдыздың көлігіне оқ жаудырған оқиғадан 27 жыл өткен соң банда жетекшісі және есірткі сатушысы ретінде сипатталған Дуэйн Дэвиске ресми түрде айып тағылды.
Бұған дейін Дэвис аталған іске куәгер ретінде қатысқан. Ол 1996 жылдың 13 қыркүйегінде атыс болған көлікте болғанын сұхбатында айтқан болатын. Дэвис өзінің айғақтарында Тупакпен қақтығысқан және сол оқиғалардан екі жыл өткен соң қайтыс болған жиенін кісі өлтіруші деп атады.