Bugin

Сотқа куәгер болып барып, жазықсыз сотталған көпбалалы ана оқиғасын бөлісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынды

Алматы қаласы Медеу ауданының "Бақытты отбасы" жобасының басқарушысы Бибінұр Шералиева өз оқиғасын Қыздар-ай бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бибінұр Шералиева 3,5 жыл түрмеге "жалған ақша жасадың" деген айыппен отырғызылған. 5 айлық сәбиімен қыздары бар көп балалы ана басында сотқа кінәлі емес, оқиға куәгері ретінде барғанын жеткізді.

Алайда кінәлі болып, түрмеге жабылған. Ол бағдарламада абақтыға түскенде балаларының жан-жаққа тарап кеткені қатты қынжылтқанын айтты.  Күйеуінің өзі түрмеге кезде балаға қарамай, өзімен-өзі өмір сүргенін айтты.

"Ол мені көмді де, өз өмірін сүріп кетті. Менің заттарымды таратып, сатып жіберді. Оған мен енді ешқашан келмейтіндей көрінді. Еркек балаға қарамайды екен. Мен соны түсіндім. Ол үшін балалар жоқ болды. Көзіне дым көрінбеді. Мен соны кешіре алмадым. Мен бірінші кезекте сатқыннан құтылдым. Шыққан соң, бірден келді. Ештеңе болмағандай келді. Ол түсіндірмеді. Мен тек кетесің дедім", - деді Бибінұр.


Өзінің осыншама сынаққа сынбай, қайта жақсы өмір сүруге қайдан күш келіп жатқанын сұрағанда:

"Құдай күш береді. Алланың қалауымен тек. Басқаша болмады. Бұл жоғарыдан келген белгі. Осындай мұқтаж әйелдердің заңына кіріссін деп, осы сынақ берілген сияқты. Мен тек осымен айналысамын", - дейді Бибінұр Шералиева.

Түрмеден шыққан соң, күйеуіммен ажырастым деген Бибінұр үйін, балаларын қайтадан өз қарауына алып жайғастырады. Қазір өзі секілді көмекке мұқтаж әйелдерге қол үшін созып, мәселесін шешіп берумен айналысады. 2013 жылы бостандыққа шыққан әйел қазіргі таңға дейін 30 мыңдай әйелге көмектескен.