Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
Пәкістанның Белуджистан провинциясындағы Мастунг қаласындағы мешіт маңында болған теракт салдарынан 50-ден астам адам қаза тауып, 130-ы жараланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Шабуылды жанкешті жасаған.
Шабуыл Мұхаммед пайғамбардың туған күнін тойлауға жамаған көптеп жиналған мешіттің жанында болды.
Оқиға орнына қаза болғандардың мәйітін шығарып, зардап шеккендердің шығуына көмектесу үшін ауыр техника жіберілді.
Хайбер-Пахтунхва провинциясының билігі Хангу және Кохат қалаларындағы медицина қызметкерлері мен мекемелерге төтенше жағдай жариялады.