Bugin
Фото: depositphotos.com/ru
Алматыдағы халықаралық мектептің бірінде жеті жасар баланы зорлаған. Бұл туралы баланың анасы мәлімдеді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жуырда баланың анасы “Немолчи” қорына жүгінген.
"Оның ұзақ уақыт бойы бұқаралық ақпарат құралдарына баруға батылы жетпеді. Жария болғанын қаламады. Екі апта өтті. Осы екі апта полицияның тергеуді қалай жүргізетінін, сараптамаға нұсқауды қалай беретінін және осы сараптаманы қалай жүргізетінін білуге жеткілікті болды", - деп хабарлады қор Instagram-дағы парақшасында.
Балалардың құқығын қорғау комитеті аталған факті бойынша қылмыстық іс қаралып жатқанын мәлімдеді.
"Оқиға комитет пен құқық қорғау органдарының бақылауында. Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы зардап шеккен баланың анасымен және халықаралық мектептің басшылығымен байланыста",- делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, баланың отбасына көмек ұсынылды.
"Комитет БАҚ беттерінде жарияланған әр ақпаратқа барынша жауапкершілікпен қарауды сұрайды. Себебі, бізге бала туралы деректердің құпиялылығын сақтау және оны қоғамда таратпау маңызды. Осылайша қиын жағдайға тап болған бала мен отбасының тыныштығын қамтамасыз ете аламыз", - деді комитеттен.
Қалалық полиция ҚР ҚК 121-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті.